Форма входа

Социальные закладк

Плейер

Поиск

Праздники дня

Youtube

опрос

Мои кабинет
Всего ответов: 0

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Четверг, 28.11.2024, 21:03
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

В категории материалов: 11
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Мои статьи | Просмотров: 395 | Добавил: Сауле | Дата: 25.02.2012 | Комментарии (1)

Мои статьи | Просмотров: 763 | Добавил: Сауле | Дата: 25.02.2012 | Комментарии (0)

11 а/п сынып. Сабақ жоспары
Тақырыбы: Беттік құбылыстар. Беттік керілу күші. Лапластық қысым.                  Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.
Мақсаты: жоғарыда айтылған құбылыстарды   түсіндіре, сипаттай білу, осы құбылыстардың табиғаттағы, өмірдегі маңызын білу
Міндеттері: б) болып жатқан физикалық үрдістерді физикалық теория мен бақылаулар, тәжірибелер тұрғысынан түсіндіру машығын жетілдіру, д) өз ойын  дәйекті баяндай білуге ұмтылу, тіл коммуникативтігін жетілдіру           т) жұппен және жекелей жұмысқа үйрену, ізденімпаздыққа дағдылану, өз бетімен білім алуға ұмтылу.
Түрі: Дәстүрден тыс
Типі: Аралас, жаңа тақырыпты өту
Көрнекілігі: электрондық оқулық: «Молекулярно-кинетическая теория» часть ІІ. оқушылар презентациясы, қылтүтіктер, суы бар кювета, ұстараның кескіші (лезвие), ине, сабын көпіршіктерін шығару құралы, ғаламтор материалдары - беттік керілудің, қылтүтіктік құбылыстардың маңызы, әр түрлі сұйықтар: су, күнбағыс майы, медициналық спирт.
Демонстрациялар: Суы бар кювета ішіне қойылған шығырдың суға батпауын бақылау, оған сабын ерітіндісі құйылған қоспаны тамызу; сабын көпіршіктерінің сфера пішініне ие болуын бақылау, жұғатын, жұқпайтын сұйықтардың шеттік бұрышын бақылау, қылтүтік бойымен сұйықтың көтерілуін бақылау
Барысы:  
1.    Ұйымдастыру бөлімі - 2' – презентациялар мен демонстрацияларды, электрондық оқулықты  дайындау
2.    Өткен сабақты қайталап, еске түсіру - 8'
3.    Жаңа тақырыпты өту - 22'- оқушылар презентациямен, өздері дайындап келген демонстрациялармен бір-біріне түсіндіреді.
4.    Жаңа тақырыпты бекіту- 3'
5.    Бағалау- оқушылар бірін-бірі бағалайды. 2'
6.    Қорытындылау - 2'
7.    Үйге тапсырма беру 1'.
Сабақты бастамас бұрын мынадай кесте ілінеді:
Нені білемін    Нені білгім келеді    Нені үйрендім
        
Миға шабуыл. Өткен сабақты еске түсіру сұрақтары, яғни, үй жұмысын тексеру:
1.    Булану, конденсация, кебу, қайнау
2.    Қайнау нүктесі, кебу жылдамдығы нелерге тәуелід?
3.    Кризистік температура,  қаныққан, қанықпаған булар.
4.    Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігі.
5.    Ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығы, формулалары?
6.    Ылғалдылықты өлшеу құралдары
7.    Ылғалдылықтың маңызы, оңтайлы ылғалдылық.
Жаңа тақырыпты өту:
1.    Рымғажинов Ернар – тақырыптың ең басын бастайды- сұйықтың беткі қабаты, беткі  қабатындағы молекулалардың астыңғы қабаттарға түсіретін қысымы туралы айтып шығады.
2.    Жеңісбекова Жанат пен Қайырбекова Балжан - беттік керілу, беттік керілу күші, беттік керілу коэффициенті  мен оның өлшем бірлігі туралы айтады
3.    Омарова Мадина – жұғу және шеттік бұрыш туралы айтады.
4.    Кабибуллина Мадина – жұғу, жұқпау кезіндегі мениск туралы, Лапластық қысым, оның формуласы  туралы  айтады.
5.    Маркленов Нұржан – қылтүтіктік құбылыстар, қылтүтік бойымен жұғатын, жұқпайтын сұйықтардың көтерілу биіктігі туралы айтады, оның формулаларын қорытады. Қылтүтіктік құбылыстардың табиғаттағы, адамдар, өсімдіктер, жануарлар өміріндегі ролі туралы айтады.
Барлық оқушылар айтқандарын презентациямен сүйемелдеп, демонстрациялық тәжірибемен түсіндіріп отырады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1.    Сұйықтың бетіндегі және орта шеніндегі молекулалардың тартылыстары туралы не түсіндік?  Молекулалық қысым деген не?
2.    Беттік керілу, беттік керілу күші, беттік керілу коэффициенті  мен оның өлшем бірлігі туралы не айтасыңдар? Судың беттік керілу коэффициенті қаншаға тең?
3.    Маса не себепті су бетінде батпай тұра алады?
4.    Жұғу, жұқпау құбылыстары қалай түсіндіріледі,  шеттік бұрыш бұрыш деген не, оны қалай анықтайды? Жұғатын сұйық пен жұқпайтын сұйық үшін шеттік бұрыштар қандай болады?
5.    Жұғу, жұқпау кезіндегі мениск қандай болады? Мениск деген не, ол не себепті пайда болады? Лапластық қысым, оның формуласы.   
6.    Қылтүтіктік  деп қандай құбылысты айтады? Қылтүтік бойымен жұғатын, жұқпайтын сұйықтардың көтерілу биіктігі қандай формуламен анықталады, ол неменелерге тәуелді болады?
7.    Қылтүтіктік құбылыстардың табиғаттағы, адамдар, өсімдіктер, жануарлар өміріндегі ролі қандай екен?
8.    Неге құлап бара жатқан су, сабын көпіршіктері шар мен сфераның пішініне ие болады?
9.    Цилиндр, параллелепипед, конус, призма, пирамида, шар – кеңістіктік денелерінің қайсының бетінің ауданы ең кіші болады?
Оқушылар бірін-бірі бағалайды, өз жұмыстарына рефлексия жасайды, сабақты қорытындылап, келесі жолғыға үй тапсырмасын өздері бөлісіп алады.
Үйге тапсырма: §7.1-7.2 14-жаттығу есептері.
Рефлексивтік есептеме
11а/п сыныбында екі сабақ өткізілді.  Біріншісі – «Беттік құбылыстар. Беттік керілу күші. Лапластық қысым. Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар» деген тақырып. Бұл сол сабаққа жазылған есептеме. Физика пәнінен оқушылар  алғаш рет сабаққа өздері дайындалып, сол сабақтың мақсат-міндеттерін өздері ақылдаса отырып белгіледі. Сабақтың типі, түрі, қолданылатын материалдар мен көрсетілімдерді мұғаліммен ақылдаса отырып жасады. Өз беттерімен оқулықтардан тыс материалдар іздестіріп, ғаламтор материалдарын, басқа авторлардың, өткен жылдардың оқулықтарын пайдаланып сабаққа асқан жауапкершілікпен және іскерлікпен жақсы дайындалып келіпті. Өздері баяндайтын материалдарды презентациямен сүйемелдеп, баяндау барысында демонстрациялық тәжірибе де көрсетіп отырды. Сабақ мақсаты айтылған соң олар бір-біріне сұрақтар жазылған кестенің қажетті бөлігін  толтыруды ұсынды. Бір-біріне қоятын бекіту сұрақтарын да дайындап келіпті. Сабаққа дайындығы мен қойылған сұрақтарға берген жауаптарына қарап, бір-біріне өздері баға берді. Бірақ барлық бағалар түгел «5» болып шықты, олар келесі жолдан бастап, басқаша бағалайтындықтарын, бұл - өздерінің физикадан алғаш өз беттерімен өткізген сабақтары екеніне де тоқталып өтті. Жалпы сабақтың өту барысына, әркім өз дайындығына, басқалардың позициясына рефлексия  жасады. Осы сабаққа оқушылардың дайындық барысын, сабаққа келгенде әзірлеген материалдарын, оны баяндау әдістері мен сөйлеу мәнерлеріне, өздерін басқалардың алдында ұстағандарын толығымен бақылай отырып, мен оқушыларға бір жағынан өте риза болдым, бір жағынан таң қалдым. «Асыл - тастан, өнер - жастан шығады» деген халық мақалының дұрыстығына көзімді тағы бір жеткіздім. Балаларға тек бағыт-бағдар беріп қойса, сенім артса болғаны, олар әрі қарайғысын өздері – ақ  іліп ала жөнелетіндіктерін байқадым. Осы оқушы әлде қалай болар екен,  сабаққа өз бетімен дайындалып келу қолынан келер ме екен деп ойлаған оқушыларым да болған. Олар - Болатова Маржан, Қайырбекова Балжан, Кабибуллина Мадина, Ахметқалиев Әліжан.  Кейбіреуіне деген күдігім расқа шықса, кейбіреуінің жауапкершілігіне риза болдым. Мысалы, Болатова Маржан мен Кабибуллина Мадина өте жақсы дайындылып келген де, ал, Қайырбекова Балжан сол бұрынғы қалпы, салғырттау өткізді, оқушылардың ол баяндап болған соң қойған сұрақтарына да жауап бере алмады, яғни не баяндап тұрғанын өзі де түсінбеген сияқты. Қалған оқушылар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап бере алды, басқа оқушыларға да түсінікті жеткізе білді. Қорыта келе айтпағым, сабақ қойылған мақсатына жетті, сабақтың барлық этаптары қамтылып, логикалық жүйелі, бірізділікпен өткен сабақ болды.

Мои статьи | Просмотров: 355 | Добавил: Сауле | Дата: 25.02.2012 | Комментарии (0)

Мои статьи | Просмотров: 334 | Добавил: Сауле | Дата: 25.02.2012 | Комментарии (0)

Мои статьи | Просмотров: 374 | Добавил: Сауле | Дата: 25.02.2012 | Комментарии (0)

    «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымының   аттестаттау комиссиясына
физика пәнінің  мұғалімі
Байсеитова Сауле Шакеновнадан

Өтініш
Мені      2012  жылы біліктілікті  арттыру бойынша     мұғалім -эксперт       деңгейіне  аттестаттауларыңызды  сұраймын.
 Аттестаттау  Ережесінің  талаптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген педагогикалық шеберлік   деңгейіне  төмендегідей  жұмыс нәтижесі   негіз болады деп есептеймін.
Жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген топтарда оқушылардың дара ерекшеліктерін түзету және диагностикалау тәсілдерін кәсіби деңгейде қолданамын. Сабақтағы және сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың жеке қызығушылығын ескере отырып ұйымдастырамын, жеке және топпен жұмыс түрлерін қолданамын, сабақты қорытындылау кезінде рефлексия жасап отырамын.
Дарынды оқушылармен жұмысты жеке жоспар бойынша ұйымдастырамын. Білім берудің жоғары сапасын олимпиада көрсеткіші дәлелдеді. 2010-2011 оқу жылында оқушым Болатов Алтай қалалық олимпиадада 2 –орын және Шәкәрім атындағы СМУ грантын жеңіп алды. Облыстық пән олимпиадасында 2- орын, диплом алды. Келер оқу жылына «Дарын» ғылыми - практикалық конференциясына екі оқушы, «Зерде» ғылыми - практикалық конференциясына екі оқушы дайындап жүрмін. Оқушыларым «etalon.lt» интернет олимпиадасына дайындық үстінде.
Тұтастың бөліктерін ажыратып, арасындағы өзара байланысты табуға, ойлау логикасында олқылықтар мен қателерді көруге, факт және нәтиже арасындағы айырмашылықты білуге, деректердің маңыздылығын бағалауға үйретуге қабілеттімін деп есептеймін. Физика пәнін оқытуда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыруға арналған әр түрлі тапсырмалар түрлерін қолданып отырамын, әлемнің біртұтас бейнесін оқушылардың елестетуі мен түсінуі үшін интеллектуалдық біліміме, әрі рухани білімдеріме сүйенемін. Осы тұрғыда тарихи деректер, ұлы адамдардың өмірі, діни аңыздар, әлемнің тылсым сырлары туралы қызықты тақырыптарға әңгімелесу және пікір алмасу өткізіп жүрмін. Оқушының өзін – өзі тануына сабақта және үйірме жұмыстарында көп көңіл бөлемін. Ізгілікті оқыту технологиясын, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, яғни блоктық оқыту жүйесін әрдайым өз сабақтарымда қолданып отырамын. Физикалық эксперимент кезіндегі біздің ескермейтін жағдайларымыз іс жүзінде көрініс берген жағдайда, яғни теория мен практика арасында сәйкеспеушілік болғанда оқушылардың өздерін неге олай болатынын өз беттерімен зерттеуге, өз болжамдарын айтуға бағыттаймын.
Оқытатын және шектес  пәндерден өз білімімді жеткілікті жоғары деп есептеймін. Мысалы, қазақ тілінен ортадан жоғары деңгейге сертификат қорғадым, АКТ орта деңгейлі сертификатым бар. Математика пәні менің дипломымда  екінші оқытуға болатын пән ретінде көрсетілген.  Оқушының зияткерлігі, тұлғаның дамуына бағытталған оқыту бағдарламалары мен әдістемелерді өз жұмысымда жиі қолданамын. Оқушылардың ілгерілеуін қолдау үшін  сабақ пен сабақтан тыс іс шараларды жоспарлаймын. Атап айтқанда, оқушылардың өздері жоспарлайтын сабақтар, «Жас физик» пән үйірмесі, бірлестіктің онкүндігінде «Әлсіз буын», «Тапқырлар мен білгірлер», «Брейн-ринг», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», т.б. интеллектуалдық ойындар, қызықты викториналар мен физикалық тәжірибелер өткізіп жүрмін. Пәнаралық байланысты өте қатаң түрде сақтаймын, оқушылардың математикадан біліміндегі олқылықтарды түзетіп отырамын, оларға сол олқылықты жоя алатындай тапсырма түрлерін көптеп беріп, әрі қадағалап отырамын.                
Веб-ресурстарды сын көзбен бағалап, оқытуда пайдалануға ұсынып отырамын. Оқушыларға өз мектебіміздің мұғалімдерінің және өзімнің портфолиомның электрондық мекен-жайын беріп, пайдалануға нұсқау беремін, шығармашылық жобалар мен ғылыми жобамен айналысатын оқушыларға  пайдасы тиер дегендерін көрсетемін.
Оқушылардың оқыту қорытындыларына мониторинг жасау және оқу процесінің  жоспарлауын түзететін  критерийлер негізінде, оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін бағалауға арналған дайын құралдарды пайдаланамын. Өз сабақтарымда критериалдық бағалау жүйесін қолданамын, сабақтағы формативті және суммативті бағалау жұмыстарына жоспарлар мен рубрикаторлар әзірлеймін.  Тапсырмаларды критериалдық бағдарланған етіп дайындаймын. Соның көрсеткіші ретінде өз тарапымнан жазылған әдістемелеік құралдарды және 7 сынып оқушыларының қаңтар айында өткізілген сыртқы бақылау кесіндісінде жақсы нәтижелер көрсеткенін атап айта аламын.                                                          
Кәсіби даму саласында әріптестерге жеке мақсаттарды айқындап, оған жетуге қолдау көрсетіп отырамын. Шығармашылық топ жетекшісі ретінде критериалдық бағалауға әріптестеріммен біріге, ақылдаса отырып жоспар мен рубрикаторлар дайындаймын. Әріптестер мен оқушыларға  әсер етуші жаңа тәсілдерді іздеймін. Өзімді  сараптауға, рефлексияға, өз іс әрекетімді түзетуге дайынмын және қабілеттімін деп есептеймін. Әріптестерімді  мектеп деңгейінде оқытуды ұйымдастыра аламын. Өз әріптестерімді критериалдық бағалау жүйесін қолдану үшін оқыту-таныстыру семинарын өткіздім, критериалдық бағалау жүйесінің тиімділік жақтарын көрсетіп, өз тәжірибемді бөлісіп, республикалық семинарда мастер-класс өткіздім (15.03.2011ж)., зияткерлік мектептер арасындағы критериалдық бағалау жүйесін қолданудағы іс – тәжірибені айқындау мақсатында Өскемен қаласында өткен курс- семинарға қатысып, баяндама оқыдым (25.03.2011ж), баяндаманың тезистері сол семинар жұмысының қорытындысы ретінде жарық көрген жинақта басылып шықты.  2011ж. сәуір айында «Қайнар» университеті жанында өткен ІІ халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, алғыс хат алдым, Германиялық «PHYWE» компаниясына зертханалық құралдармен жұмыс істеуді үйрену іссапарынан үйреніп келген білімдерімді әріптестермен  бөлісу мақсатында мектепішілік оқыту семинарын өткіздім (25.10.2011ж.).
      Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогикалық  кадрларына  арналған біліктілікті  арттыру  талаптарының ережелерімен таныспын.                                 
 
      «_02__»  ақпан  2012  ж.                            Мұғалімнің қолы ____________Байсеитова С.Ш. 
                                                           
Мои статьи | Просмотров: 340 | Добавил: Сауле | Дата: 25.02.2012 | Комментарии (0)

1-10 11-11

Байсеитова Сауле Шакеновна