Форма входа

Социальные закладк

Плейер

Поиск

Праздники дня

Youtube

опрос

Круглая ли земля?
Всего ответов: 9

Статистика


Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0




Понедельник, 25.11.2024, 04:40
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Каталог статей


Главная » Статьи » Мои статьи

аттестация обучение одаренных детей
Дарынды оқушымен жұмыс есебі
Кезінде Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: «Егер келесі өмірде жақсы өмір сүргің келсе, онда осы өмірде тақуа (монах) бол, осы өмірде жақсы тұрмыс кешсем десең саудамен айналыс, ал егер екі өмірде де жақсы өмір сүргің келсе, білім ізде», - деп. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқандай, келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан – жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – біздер, яғни ұстаздармыз.
        Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге орай, 12 жылдың білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде, Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына кіруі туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп, көтеретін жүк те ауыр. Бұл республикамыздағы жаңа білім концепциясына сәйкес пәндерді оқып үйрену оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, оқушының жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған  үрдіс әрекетінде осының бәріне жетекшілік ететін, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын, өзінің іс - әрекетінде де барлығын түбегейлі жаңаша жасауы керек болатын, ізденгіш, талап қойғыш, кәсіби шеберлігі  кемелденген, оқыту әдістемесінің барлық түрлерін меңгерген жан – жақты дамыған тәжірибелі мұғалім болу керектігін білдіреді. А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».
        Мұғалім әрдайым тек жеке бір пәнді оқытушы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырушы да болып тобылады, сол себепті сабақ үрдісінде тәрбиелік жағына да өте көп көңіл бөлу керек. Бүгінгі және ертеңгі Қазақстанға өте білімді, өзіне нық сенімді, өз ісінің жетік маман шеберлері қажет. Өз ісінің шебер маманы – ол үнемі ізденгіш, өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, өз жұмысын өте сүйетін және жақсы білетін әрбір жағайларда шешімді жол тауып, жылдам да ұтымды қимыл - әрекет көрсететін адам. Ендеше қазір мектептің алдында тұрған міндет – дәл осындай мамандарды тәрбиелеп шығару. Сол мамаңдар арқылы экономикасы дамыған, әрбір тұрғыны өзін әлеуметтік жағынан қорғанышта екендігін сезінетіндей гүлденіп дамыған ел болу міндет. Сол себепті білім беру жүейсінде болашақ мамандарды даярлай алатын, өз пәніне оқушыларды қызықтыра білетін, мәдени және рухани жағынан жоғары дамыған мұғалімдер жұмыс істеуі қажет.
        Кезінде Ахмет Байтұрсынов айтқан екен: « оқытудың үш жағы бар, үшеуі үш нәрсеге тіреледі: біреуі оқу құралдарына, екіншісі ақша – қаражатқа, үшіншісі жақсы мұғалімге», деп. Егер осы айтылған үш мәселенің бірі біріне сай келіп жатса, оқыту үрдісінде қиындықтар болмас па еді? Мен өзім мұғалімдік қызмет атқарып жүргендіктен, осы айтылған үш мәселенің екеуі мұғалімге қатысты айтылған деп есептеймін.
Дарынды оқушылармен жұмысты мен алдымен оларды айқындап алудан бастаймын. Ол үшін педагогикалық және психологиялық әдебиеттерден алған білімдеріме сүйеніп, мынадай жолдармен айқындауға тырыстым:
1.    Дарынды оқушыны визуальдық жолмен айқындау:  Сабақта және сыныптан тыс жұмыстар кезінде ерекше көзге түсуі мүмкін.
2.    Есте сақтау қабілетін, өз білгенін түсіндіру қабілетін айқындау: жеке тапсырмалар беріп, бақылаулар  жүргізу
3.    Түсіну деңгейін айқындау: Материалды түрлендіріп, өзгертуін бақылау: материалды өрнектің бір түрінен екінші түріне (мысалы, сөз түрінен математикалық тілге аудару) «аудара» білуі арқылы байқалады
4.    Өз білімін қолдана білуін айқындау: ережелерді, теорияларды,әдістер  мен тәсілдерді, заңдарды, түсініктер мен принциптерді қолдана білуі арқылы
5.    Өз біліміне немесе жауабы мен жұмысына сараптама беруін айқындау: Тұтастың бөліктерін ажыратып, арасындағы өзара байланысты табуы, логикалық ойлауы   факт және нәтиже арасындағы айырмашылықты білуі, деректердің маңыздылығын бағалауы, көзден таса жасырын байламдарды ажырата білуі, талдау логикасында кеткен қателіктер мен қалып қойған мәселелерді көре білуі, фактілер мен салдарлар арасындағы шектеулерді білуі арқылы, берілгендердің   құндылығын  бағалауы арқылы анықталады
Осылайша оқушының дарыны мен талантының бар-жоғы айқындалған соң олармен жұмыс жүргізуді бастаймын.
Өзімнің іс- тәжірибемнен күнделікті сабақтарда, шығармашылық жобаларды қорғауда, зертханалық және эксперименттік жұмыстар жүргізгенде оқушының жеке бас ерекшеліктері мен олардың бір-бірінен ерекшеліктерін бақылап отырамын. Солардың бірі ретінде 9 «В» сыныбында өткізілген бір сабақтағы бақылауларымды төменде ұсынып отырмын.
 «Тербелістер мен толқындар» тарауына бөлінген сағат саны аз, ал, «Гармониялық тербелістердің графиктер, жылдамдығы мен үдеуі» тақырыбына 2 сағат қана уақыт бөлініпті. Осының адындағы тақырып – «гармониялық тербелістер, оларды сипаттайтын шамалар» болған, ал бұдан кейін өтетін тақырыбымыз – тербелістердегі энергия түрленулері.  Мына тақырыптың материалы өте ауқымды болғандығымен қоймай, математикамен пәнаралық байланысты өте қажет ететін сабақ еді. Сынып оқушыларына бұл тақырыпты меңгеру қиынға соғады. Алдымен оларға математикадан туынды туралы, тригонометриялық функцияларлың графиктері – синусоида мен косинусоида туралы білімдер беру қажет. Осы орайда жоғарыда айтылған тақырыпқа сай   9 «В» сыныбында  өткізілген сабақ оқушылардың қабылдау мүмкіндігі мен пәнаралық байланысты меңгеруін бақылауға, олардың деңгейлерін қадағалауға мүмкіндік берген сабақ болды. Сыныпта 12 оқушы бар. Олардың әрқайсының қабылдау деңгейлері әртүрлі, мысалы, Мұқатаев Нұралы мен Ақылбаев Рүстемге тақырыпты түсіну түгілі, елестету қиындау соғатыны сөзсіз. Нұрмағанбетова Арай, Чалкарова Нагима, Төлегенова Рауандардың тоқсандық бағалары «5», ал, Иғалиев Дастан сабаққа күнделікті дайындалып келмейтіндіктен, тоқсандығы «4» болған оқушы. Соңғы аталған үш оқушының қабылдау мүмкіндіктері қарайлас. Арай  үздік оқушы, күнделікті сабаққа тыңғылықты дайындалып келеді, ал, Нағима кейде  4, кейде 5 алып жүреді. Ал, Дастан болса, 5 - ке толық мүмкіндігі бола тұра, өз мүмкіндігін пайдаланбайтын оқушы. Сабақ барысында осы үш оқушыға бақылау жүргіздім. Алдымен математика мен пәнаралық байланыстыра отырып, оларға «туынды» анықтамасы, оның табылуы, ережелері, кестесі берілді,  содан кейін тригонометриялық функциялардың графиктері түсіндірілді, артынан барып жаңа сабақты игеру басталды. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру, яғни блоктық оқыту әдісі қолданылды. Осы сабақтың үстінде Арай туындыны жақсы түсініп алса, Нағима  синусоида, косинусоида графиктерін жылдам қабылдап алды, ал, Дастан болса, жылдамдықтың теңдеуі мен үдеудің теңдеуі қалай шығарылатынын түсінбей қалған оқушыларға түсіндіріп шықты. Сонда Нағима  графиктен амплитуда да, период та көрініп тұратынын бірден қабылдаса, үздік оқушы Арайдың өзі оны қиналыңқырап барып меңгерді. Сабақ орташа деңгейдегі оқушыға лайықталып түсіндірілді.
     Тақырыпты бекіту сұрақтарын қойғанда көп оқушылар сұрақтарға жауап бере алмай қалды. Оларға түсіндіруде осы аталған үш оқушының көмегі көп болды. Соңынан есеп шығару барысында да олар басқаларға көмектесумен болды.  Осы сабақта бақылағандарым бойынша кейбір ой түйіндеулер де болды. Дарын деген ол оқушының сабаққа тыңғылықты дайындығы емес, ол сол оқушының жеке басының туа біткен ерекше бір қасиеті, сол себепті де сабаққа күнде дайындалмайтын Дастанның осы сабақта үздік оқушы Арайдан асып кеткені көрінді.


Категория: Мои статьи | Добавил: Сауле (25.02.2012)
Просмотров: 692 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Байсеитова Сауле Шакеновна