Форма входа

Социальные закладк

Плейер

Поиск

Праздники дня

Youtube

опрос

Круглая ли земля?
Всего ответов: 9

Статистика


Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0




Вторник, 05.11.2024, 16:46
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Каталог статей


Главная » Статьи » Мои статьи

аттестация: отчет
Критериалдық бағалау жүйесі-оқушыны дамыту құралы ретінде
Адам ұрпағымен мың жасайды, - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ел Президенті Н.Назарбаевтың «тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» - деген сөзіне орай, жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқандай, келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан – жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз.
Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Оқутудың үш жағы бар, ол үшеуі үш нәрсеге келіп тірледі, бірі- мұғалім, екіншісі – оқулық, ал, үшіншісі – қаражат. Егер мұғалім жақсы болса, оқулықтар жеткілікті болса, мектеп жақсы қаражатпен қамтамасыз етілсе, оқыту да қалт-құлт етпей, дұрыс жүрген болар еді» деп айтқан екен. Осыған орай, қазіргі таңда да, мұғалім мектептегі – ең басты тұлға, ендеше, біз, ұстаздар оқушыны білім нәрімен сусындатып, оған жақсы тәлім – тәрбие беру үшін өзіміз де жан – жақты, жаңа педагогикалық технологиялармен қаруланған, жаңаша ойлай алатын адам болуымыз керек деп есептеймін.
Қазіргі заманғы білім берудің талаптарына сәйкес оқушының жеке басының дамуы мұғалімдер мен - мектептердің алдында  тұрған басты міндет. Осы орайда оқушының білім жетістіктерінің деңгейін жаңаша бағалау да үлкен роль атқаратыны сөзсіз. Себебі, бұрынғы бағалау жүйесі ескіріп, оқушының да, ата-ананың да сұранысы артып отырған кезде, оқушы дамуына зор ықпал ететін осы бағалау жүйесіне көшуіміз себепті, мен өзімнің өзекті тақырыбым ретінде  «Физика сабағында критериалды бағалау жүйесін  енгізе отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілетін дамыту»  тақырыбын  таңдадым да, осы бағытта жұмыс жүргізіп келемін.       
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын, жеке басының дамуын бағалауымыз керек.
Критериалдық бағалау жүйесі барлық сынып оқушылары үшін қолайлы, өйткені   балалар ерекшеленуге құштар болады, яғни оқушының белсенділігін арттырады. Оқудағы оқушылар арасындағы сайыс-жарысты ұйымдастырады, стимул береді.
Критериалдық бағалау жүйесін қолданғанда:
-    оқушының  тұлғалық  бағытын  белсенді  позицияға  бағыттауға;
-    тұлғаны өзіндік  жауапкершілікке, тұғырлы  нәтижеге жеткізуге;
-    білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтауға;
-    өзінің жетістік деңгейін күнделікті сабақта көріп, бақылап, сараптап отыруға; күнделікті өз қателерімен жұмыс жасауға;
-    оқушылардың тіл коммуникативтігін дамытуға, өз ойын дәйекті жеткізе білуіне;
-    әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындай алуға;
-    келесі сабаққа дайындық  барысында бағалау рубрикаторларын өздері құрастыру арқылы жауапкершілігі мен қызығушылығын арттыруға;
-    өзінің және құрбыларының білім жетістіктерінің деңгейін бағалауға;
-    өз жұмысына рефлексия жасауға;
-    әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға (өздік жұмысы, күнделікті сабақ айтуда, үй жұмысы т.б) қол жеткізуге болады.
-     Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады,жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету; ұзақ мерзімді білімдер қалыптасады.  

Өзім сабақ беріп жүрген сыныптарда осы бағалау жүйесінің формативті  және суммативті бағалау деп аталатын екі формасын да қолданамын. Осы бағалау түрлеріне дайындалатын тапсырмалардың әр  түрлерін ойлап тауып, кейде оқушылармен ақылдаса отырып рубрикаторларын дайындаймын. Мысалы, 7 сыныптарда «Қозғалыс» тарауын бастаған соң ең алғашқы формулалар, физикалық шаманың бірлігі, өлшеу құралы деген мәселелерді  есте жақсы сақтау үшін арнайы кесте түрінде беріп, сол кестенің әр бөлімін толтыруды тапсырамын, оқушыларға бұл жұмыс түрі өте ұнайды, оның үстіне есте сақтау қабілетін нығайтуға көмектеседі. «Әлемнің біртұтастығы» критерийі бойынша оқушылар өз білімдерінде әлемнің біртұтас бейнесін де суреттей алады, яғни, табиғат пен адам бірінсіз бірі бола алмайтындығы, адамның әлемдегі орны туралы, ғылым мен техника дамуы туралы олардың білімдері бағаланады. Ал, ауызша жауаптарын бағалау кезінде «коммуникация» критерийінің дескрипторлары бойынша бағалау жүргізіледі, яғни, оқушы өз білімін қалайша жеткізе біледі, оған нені қолданатыны бағаланып, ғылыми ақпаратты сәйкесінше терминдерді және шартты белгілерді  қолдана отырып  логикалық ауызша және жазбаша жауап түрінде бере алу қабілеті дамиды. Есеп шығару барысында «ғылыми білімдері мен түсінуі» критерийі бойынша бағаланып, тапсырмалар соған лайықты құрастырылады. Мысалы, «қозғалыстың салыстырмалылығы» тақырыбының есептері  7 сынып оқушыларына өте күрделі, дегенмен, осындай қиын есептерден де олардың ішінде жол тауып шығып жататындары болады. Олар өздерінің алдындағы бағалау парағына қарап отырып, қай есепті шығарса қанша ұпай алатындықтарын есептеп алады да, неғұрлым қиындау есепті шығарып, көбірек ұпай жинауға тырысады, оның үстіне, сабақтардағы рубрикаторлар оқушыларға қателесуге жол бермейді.
Осы айтылғандарды қорыта келе, критериалдық, яғни, жаңаша бағалау түрін қолданудағы өзімнің бақылағандарым мынадай болды:
-    басқа мектептердегімен салыстырғанда оқушылардың түсінігі жоғары болды, оны мынадан да көруге болар: оқушылар мен  ата-аналардың ешқайсысы да тоқсан соңында баға сұрап келген жоқ, ата-ана да баласының білімінің нақты бағаланып отырғанына көздері жетті;
-    оқушылардың құзіреттіліктерін дамытуға көп әсерін тигізді;
-    оқушылардың жаңа бағалау жүйесіне, жауапкершілікке үйренгендері байқалды: 1-жартыжылдықтағы білімдерін тексеру бағытындағы сыртқы бақылау кесіндісінде білім сапасы жақсы болып шықты, оқушылар әсіресе   эксперимент жасауда жақсы нәтижелер көрсетті.
Критериалдық  бағалау жүйесін қолдана отырып, осы бағытта көптеген жұмыстар атқардым. Атап айтқанда, құрылымдық және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар түрлері, оларға дескриптор, рубрикаторлар жасалды. Барлық қорытынды бақылау жұмыстары құрастырылып, спецификациясы мен рубрикаторлары ойластырылды. Критериалдық бағдарланған тапсырмаларымен «7 сыныпқа арналған дидактикалық материалдар жинағы», «7 сыныпқа арналған зертханалық жұмыстар жинағы», «7 сыныпта критериалдық бағалау жүйесін енгізу» атты әдістемелі құралдар жасалды.
Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Мектебімізге былтырғы оқу жылынан бері қарай эксперимент ретінде енгізіліп отырған критериалдық бағалау жүйесі оқушының жеке басының дамуына көп көмегін тигізіп отырған  сөзсіз. Осылайша оқушы мен мұғалімнің біріккен әрекеті арқылы білім алған оқушыларымыз келешекте әрқайсысы өмірден өз орнын табатын, еліміздің зияткер азаматтары мен мамандары болып шығатынына сенімім мол.                                                                                                                           

Категория: Мои статьи | Добавил: Сауле (25.02.2012)
Просмотров: 760 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Байсеитова Сауле Шакеновна