Форма входа

Социальные закладк

Плейер

Поиск

Праздники дня

Youtube

опрос

флаг РФ
Всего ответов: 8

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Понедельник, 25.11.2024, 04:27
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Каталог статей


Главная » Статьи » Мои статьи

аттестация: индивидуальный план самообразования
«Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы»
Физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Семей қаласындағы филиалы











Мұғалімнің білім көтеру бағытындағы өздік жоспары



Физика пәнінің мұғалімі
Байсеитова Сауле Шакеновна    



















Семей – 2011 -2012жыл


Мазмұны
І.  Түсінік хат                                                                                                3
ІІ. Педагогтың инновациялық моделі                                                     4-6
ІІІ. Мұғалімнің білім көтеру бағытындағы өздік жоспары              7-12                    




















Түсінік хат
Ағымдағы оқу жылында педагогикалық қызметті жоспарлау мақсатында жасалған «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мұғалімдерінің білім беру бағытының жеке жоспары төмендегі бөліктерді (компоненттерді) қамтиды:
-    Арнаулы бөлімдерді жетілдіру;
-    Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, ізгілік педагогикасы және психологиясының негізі, білім беруге қатысты Қазақстан Республикасының заңдары, ақпараттық қатынас технологиясын меңгеру және қолдану, Көптілділікті (мемлекеттік, ағылшын және орыс тілі) игеру, жаңа технологияларды қолдану;
-    Өзіндік білім көтеру жұмысы жалпымектептік және әдістемелік бірлестіктердің тақырыбына қарап жоспарланады;
-    Өзіндік білім көтерудің негізгі мақсаттары: жаңа техноологияларды үйрену және қолдану; оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы;  интерактивті әдістеме; кәсіби белсенділікті көтеру, сонымен бірге жалпы адамзаттық, ұлттық, азаматтық құндылықтарды жеткізуші ретінде педагогикалықт қарым-қатынас әдебін меңгеру;
-    Мақсаттарды жүзеге асыру іс-әрекеттері мынадай өлшемдерге негізделеді: ішкі және сыртқы білім көтеру курстарына қатысуды, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, әріптестердің жұмыс тәжірибесін, сабақтарға қатысуды, ашық сабақтар тәжірибесін, семинарларға қатысуды, ЖОО-ның , АҚ-ның, мектептің ғылыми-тәжірибелік конференцияларына қатысуды өз бетімен оқып үйрену;
-    Сонымен қатар жеке жоспарға олимпиадаларға және ғылыми жобаларға қатысушылармен жұмыс жасаудың кезеңдігі енеді.
Педагогтың инновациялық моделі                                                     
Педагогика саласындағы мәңгілік сарқылмайтын мұғалім құзіреттілігі: ғасырлық тәжірибелерден өткен гуманизм принципі, жариялылық, кәсіби – педагогикалық құзыреттілік сұранысына орай мұғалімнің қоғамның өзгермелі талаптарына, еңбек нарқына, технологияларға адаптациялануы. «Қазақстан өзінің  даму  жолындағы асуларының жаңа белесінде: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі білім деңгейімен өлшенеді» деп атауы Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы басты стратегияның бірі болып табылады.
Жаңа ғасырдың білімді ұрпақтары  «өзінің әлеуметтік және кәсіптік даму бағытында білім тұтастығы мен тұтынушы – мотивациялық  орталықтың көзі болатын білікті мұғалімді талап етуде.
Бүгінгі күнде әрбір білім алушының үштік қатынас заңдылығын  (табиғат – адам – қоғам)  ұғынуына және  нәтижесінде шәкірттері  кәсіби таңдауға да, өмірлік таңдауға  да өзіндік анықтама жасай білуіне жеткізетін коммуникативті, креативті, ақпаратты – құзіретті, педагогикалық процестерді жоғары деңгейде  ұйымдастырушы мұғалімдер қажет.
Құзіреттілік қазіргі мұғалім сипаттамасының кіріктірілген бағдарламасы іспеттес. Бұл бағдарлама мұғалімнің біліктілігін, кәсібилігін, әрбір өзгермелі жағдаяттарда  жауаптылығын анықтай отырып, өзіндік даму, өз – өзін бағалау ісіне дайындығын көрсетеді. Құзіреттілік педагогтарды  педагогикалық шеберліктер мен қарым – қатынас субъектісі ретінде тануға мүмкіндік береді.
Тарихи – құнды, қазіргі таңдағы және біздің көзқарастарды саралай келгенде мұғалім моделі самғау сезімін, қозғалысты, ілгерілеуді, үстемдікті, басымдықты бейнелейтін «Бәйтерек» моделімен үйлеседі. Модель негізін ұстана отырып, мұғалімнің кәсіби – педагогикалық, мазмұндық – құрылымдық өлшемдері болып табылады:
•    кәсіби маңызды тұлғалық құзіреттілік: педагогикалық қабілет; кәсіби – педагогикалық бағыт, белсенді оқытудың әдістерін қолдану;оқу мәселесінің шешілуі үшін жеке ізденіс жасау, балаларға сүйіспеншілік; білімгерлерге ой тастап,  ұйымдастыра білу; сабағында әрбір білім алушының өз мүмкіншіліктерін көрсетіп, жетістікке бағдарлануға жағдай жасау.
Берілген құзіреттілік кешені қажетті – мотивация шеңберіндегі қажеттілікті тудырады. Қажетті – мотивация шеңбері мазмұндық толықтыруға түрткі бола отырып, қорытындысында өз пәнінің мазмұнын терең меңгерген, пән негізіндегі әлеуметтік – гуманитарлық білім қорын толықтыруға тырысатын, жалпымәдени өзектілікті сезінетін кәсіби – мазмұндық құзіреттілікті туғызады.  Құзіреттіліктің бұл түрі  әдістемелік, педагогика – психолгиялық білімімен, жаңа технолгияларды меңгеру және қолдана білуімен, үздіксіз білім алуға деген құштарлығымен анықталады.
Кәсіби- мазмұндық құзіреттілік нәтижесінде пайда болған педагогикалық ойлау, рефлексия қызметтік – әрекеттік құзіреттіліктің туындауына негіз болады. Қызметтік – әрекеттік құзіреттілікті кәсіби қызметтің түрлерін меңгеру(педагогикалық функцияларды тасымалдаушы), педагогикалық техникадан өткен білім беру технологиялары, кәсіби-педагогиканың барлық кезеңдерін ортақ мақсатпен ұштастыра білу құрайды.      
Бәсекеге қабілетті педагог моделі білім беру процестерінің бағдары, барлық бағыттағы қызметтердің үйлесімі, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрылымы мен компоненттері болып табылады.  
Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтарының кешенді құзіреттілік тұлғасының моделі самғауға күш алатын, қазақстан жерінің жүрегі - Астана орталығының символы болып табылатын Бәйтеректің образды – символдық бейнесінде берілген; педагог қазақстан қоғамының басымдығы болып  танылады.
Кәсіби- педагогикалық құзіреттілік
Физика пәнінің мұғалімі Байсеитова Сауле Шакенқызының
  білім көтеру бағытындағы өздік жоспары

Мұғалімнің кәсіби - шығармашылық белсенділігін қалыптастырудағы жалпыпедагогикалық компоненттің  мазмұны:
1. Пәндік білім негіздері
2.  Оқытудың әдістері мен инновациялық технологиялары
3.  Ақпараттық – коммуникативтік технологияны меңгеру
4.  Педагогика және психология негіздері
5.  Мемлекеттік тілді меңгеру
6.  Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу
7.  Ағылшын тілін меңгеру
Жалпыпедагогикалық компоненттің  шарттары:
•    диагностикалық
•    тұлғалық –мазмұндық
•    рефлексивтік
Мақсаты:
•    біліктілікті жоғарылату,
•    оқу курсындағы жетіспеушіліктер мен ақауларды жою, оны жетілдіру
Жалпы мектептің тақырыбы: « Мектепішілік басқару жүйесін білім берудің сапасы  арқылы кемелдендіру»                                                                                                                         Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: Совершенствование системы оценивания результатов учебной деятельности по физике путем внедрения критериального оценивания.    / Физика сабағында  білімнің күтілетін нәтижесін критериалды бағалауды енгізу арқылы оқу нәтижесін бағалауды кемелдендіру.                                                                                                                                                                   Өздік білім көтеру тақырыбы:   Физика сабағында критериалды бағалау жүйесін  енгізе отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілетін дамыту                                                                                                                                   Мақсаты: Сабақта оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың ізденімпаздық қабілетін ояту, пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен білім алуға ұмтылдыру









I.    Мұғалімнің оқу жоспары
1.    Дәрісханалық оқу жүктемесі

Білім беру салалары және оқу пәні    11 «а» /п, 11 «в»/п сыныптар    7«а»,«в»,«е»  сыныптар    Жалпы жүктеме    
Замена
Физика және астрономия    6*2 =12сағ    4*3=12сағ    20сағ    4 сағ
Дәрісханалық оқу жүктемесі    12    12    20 сағ    7 «Е» сынып

      Оқушылармен жұмыс жасау жоспары (8 сағатты есепке алғанда)

Қызметтік - әрекеттік
бағыты    Қызметтік - әрекеттік
бағыт мазмұны    Сағат саны    Орындалу мерзімі    Рефлексия
Қосымша сабақтар    Оқушылардың сабақ барысында түсінбеген тақырыптарын талдау    
2    Дағдылы    
Олимпиада резервтерімен жұмыс    Пән бойынша жеке оқушыларға тереңдетілген жоспар бойынша түсініктер беру    
2    
Дағдылы    
Ғылыми жобамен айналысатын оқушылармен жұмыс    Жинақталған құжаттарды реттеу, өзектілігі жоғары тақырып бойынша тереңдетілген зерттеу жұмыстарына бағыт беру    


2    

Дағдылы    
Мектеп бітіру емтиханына дайындық жұмыстары    Тест жинақтары, «Талапкер» бойынша тест есетерін шығаруға кеңес, нұсқау беру    2    Дағдылы    
«Жас физик» үйірме мүшелерімен жұмыс    «PHYWE» компаниясының зертханалық құралдарымен және компьютерлендірілген цифрлық-аналогтық  құралдармен жұмыс    0,5    Дағдылы    
II. Кәсіптік шыңдалу жоспары
Міндеттер    Міндеттерді жүзеге асырудағы әрекеттер
(жүзеге асыру өлшемдері)    Нәтижелер
 Кәсіби белсенділікті қалыптастырудың теориялық негіздері     Жеке әдебиеттерді оқу, пән бойынша өзекті тақырыптармен танысу.     «Физикадан күрделі есептерді шығару ерекшеліктері» атты әдістемелік құралды жазу үстемін.
Оқу – тәрбиедегі инновациялық  іс – әрекет
 
    Критериалды бағалау технологиясын пән бойынша  жеке тақырыптар мен тараулар бойынша оқушы білімін бағалауға     қолдану, нәтижесі бойынша оқушыларды ғылыми жұмыстарға, өз бетімен ізденіске  жетелеу,жеке бағыттық оқытуды тәжірибеме енгізу      9-11 сынып оқушылары  оқу бағдарламасына сәйкес және бағдарламадан тыс тақырыптар бойынша шығармашылық жобалармен , зерттеу жұмыстарымен айналысуда;  11 «В»\п сынып оқушысы Нұрмағамбетова Арай мен Чалкарова Нагима «Дарын» Республикалық ғылыми жобаларының жарысына дайындалуда

Білім берудің тұлғалық - бағдарлық идеялары.
 
    Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жеке оқушылардың зеректігін анықтау, олармен пәнді тереңдете оқытып, жеке дайындық жұмыстарын жүргізу.    Пән бойынша үздік оқушылар олимпиада резервтері қатарына тартылып, жеке дайындық жүргізілуде.
11 «В»\п  сынып оқушылары Нұрмағамбетова Арай, Игалиев Дастан
 Мұғалімнің педагогикалықшеберлігі.
     Критериалды бағалау  технологиясы бойынша әдебиеттермен, басқа да мұғалімдердің жеке жұмыстарымен танысу, оларды өз тәжірибеме енгізу. Технология бойынша білімді тереңдету.
     1. Критериалды бағалау  технологиясы бойынша жеке мұғалімдердің жұмыстарымен, ол туралы түпнұсқа әдебиеттермен  танысудамын («Оценка проектных заданий школьников» А.А.Красноборова, Пермь, ПГПУ, 2010г., «Критериальное оценивание – как педагогическая технология » А.А.Красноборова, Пермь, ПГПУ, 2010г., « Критериальное оценивание в парадигме компетентностного подхода к образованию», К.Э. Безукладников, Пермь, ПГПУ, 2010г.және т.б.)
2. Критериалды бағалау  технологиясын 7 «А», «В», «Е»-сынып сабақтарында қолдану барысында жеке тақырыптарға критерийлер мен дескрипторлар құрастырудамын,алдағы уақытта өтілетін қалалық, республикалық семинарларда осы технология бойынша сабақ өткізу тұсаукесерін өткізіп тәжірибе таратуды  жоспарлап отырмын,  осы орайда басылымға авторлық әдістемелік бағдарлама жазу  жоспарланды
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. Мұғалім этикасы
      Әлемдік және   ұлттық құндылықтардың ішінен өзіме керектісін таңдап алып, оқушыралармен және әріптестеріммен, ата-аналармен қарым-қатынаста өз тәжірибеме қолдану,   экологиялық және  салауатты өмір салты тәрбиесін, руханияттылыққа тәрбиелеуді әр сабақта қолдану,балаға жүрек жылуын бере отырып, сүйіспеншілікпен қарап,  оларға кәсіби бағыт-бағдар беру,отанымыздың келешек азаматтарының бойында азаматтық, отбасылық жыныс өкілеттілігі сияқты қасиеттер сіңіру      Барлық жағынан жоғары болу үшін, әлемдік, ұлттық әдебиеттерді оқу жопарланды. Этикетке және психологияға байланысты рухани бағыттағы  жеке әдебиеттерді бұрынғыдан да көбірек  оқуды жоспарлап отырмын. Экологиялық сауаттылықты тек өзімде ғана емес, оқушылардың  бойында да  терең де жүйелі жолға қойылу жолдарын қарастырудамын. Үздіксіз білім ала отырып, мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуға талаптану, салауатты өмір салтын ұстану, қоршаған ортаның және табиғат байлықтарын сақтауға, қорғауға белсене қатысу.

11 «в»/п сынып оқушылары
Игалиев Дастан, Нұрмағамбетова Арай, Чалкарова Нагиманы                      олимпиадаға дайындау.
Ғылыми - зерттеу жұмысын орындау кезеңдері:
4 «а»  сынып оқушылары Алтайқызы Арай, Чегедекова Іңкәрді «Зерде» республикалық  ғылыми жобалар сайысына    дайындау
Тоқсан    Этап    Міндеттер    Жыл
I  тоқсан
    I   Этап
    Тақырыпты таңдау: «Адамның энергетикасы мен өзін—өзі танудың байланысы»    2011
II  тоқсан
    II  Этап
    Сауалнама өткізу, видео материалдарын түсіріп жинау.    2011
III тоқсан
    II  Этап
    Сауалнама өткізу, видео материалдарын түсіріп жинау.    2012
IV тоқсан
    II  Этап
    Сауалнама өткізу, видео материалдарын түсіріп жинау, презентация арқылы мектепішілік қорғау    2012
11 «в»/п сынып оқушылары   Нұрмағамбетова Арай, Чалкарова Нагиманы«Дарын»   Республикалық ғылыми жобаларының жарысына дайындау. Тақырыбы: «Модели атомных ядер/Атом ядроларының модельдері» тақырыбы бойынша
Тоқсан    Этап    Міндеттер    Жыл
I  тоқсан
    I   Этап
    Тақырыпты таңдау: «Модели атомных ядер/Атом ядроларының модельдері»    2011
II  тоқсан
    II  Этап
    Сауалнама өткізу, видео материалдарын түсіріп жинау.    2011
III тоқсан
    II  Этап
    Сауалнама өткізу, видео материалдарын түсіріп жинау.    2012
IV тоқсан
    II  Этап
    Сауалнама өткізу, видео материалдарын түсіріп жинау, презентация арқылы мектепішілік қорғау    2012
Ескерту. Міндеттерді жүзеге асырудың өлшемдері: ғылыми – әдістемеліктерді оқу, қолдану; әріптес тәжірибесі; ашық сабақтар өткізу;  семинар, конференцияларға қатысу; оқушыны олимпиадаға, ғылыми жарыстарға дайындау; кәсіби конкурстарға қатысу; басылымдар; квалификацияны жоғарылату курстарына қатысу; кабинетті әдістемеліктермен жабдықтау.
II.    Дайындық курсынан өтуі туралы есеп картасы
1.    Педагог туралы жалпы мәлімет
Тегі, аты - жөні    Туылған күні, айы, жылы     Бастапқы білімі    Диплом бойынша мамандығы    Беретін сабағы    Катего
рия    Сабақ беретін пәні бойынша
өтілі
Байсеитова Сауле Шакеновна        1962.10.06    Н.К.Крупская атындағы СПИ    Математика және физика пәнінің мұғалімі    Физика және астрономия    Бірінші санатты    22 жыл

2.    Педагогтың міндетті АБПК меңгеруі
Оқу модульдері    Негізгі өлшем    Тест нәти жесі (балдық көрсеткіш)    Оқу деңгейі    Оқу тобы
Педагогтық білім    Пәнді меңгерту деңгейін анықтауға арналған тест            
АКТ    АКТ меңгерудегі құзыреттілігін анықтауға арналған тест    2010 ж: 32 ұпай,  57%
Соңғы нәтиже: 2011ж:              1-тур 88%,                                      2- тур 63%,                         3-тур 83 балл     негізгі    Ортадан жоғары
Қазақ тілі    Қазтест    2010ж: 133 ұпай
2011-12ж: соңғы нәтиже 114 ұпай    негізгі    Ортадан жоғары
Ағылшын тілі    Placement test    2009 жылы 6 ұпай, 2010ж. 32 ұпай        elementary

3.  Дайындық курсынан өтуі туралы есеп картасы
№    Курс атауы    Өткен мерзімі    Өткен орны
1    «Білімнің күтілетін нәтижесінің жетістіктерін критериалды жүйеде бағалау»    11-15 қазан
2010 сертификат    Астана қаласы
(Пермь қаласы лекторлары)
2    Жоғарғы қиындықтағы және олимпиада  есептерін шығару әдістемесі курс-семинары    6-9 қараша
2010  сертификат      Өскемен қаласы
(МГУ-СУНЦ лекторы)
3    «Решение нестандартных задач, в том числе олимпиадных и новых задач ЕГЭ» авторский семинар В.И.Мудрука, с.н.с МГТУ им. Баумана    16-17.06.2011
сертификат    Ресей Федерациясы, Томск қаласы, ТГПУ базасында,  Бауман атындағы МГТУ лекторы   
4    «PHYWE  Sisteme GmbH & Co.»                             компаниясында «зертханалық құралдармен жұмыс» атты  стажировкадан өттім    13.08.11-20.08.11 сертификат жоқ    Германияның Гёттинген қаласы                                               

4. Білім берудегі мақсаттарының жетістіктері және динамикасы
Оқу модульдері    Алдыңғы нәтиже    Кейінгі көрсеткішке жету әрекеті    Жоспарланған деңгей    Мерзімі
Педагогтық білім                
АКТ    32 ұпай  57%    Мектепішілік курстарға қатысу    80-85    2012-13
Қазақ тілі    Қазтест 133    Мектепішілік курстарға қатысу    137    2012-13
Ағылшын тілі    Placement test 6    Мектепішілік курстарға қатысу    25-30    2012-13

III.    Марапаттау және жазалау
Марапаттау/жазалау түрлері    Бұйрық құрылымы    Бұйрық номері    Мерзімі

            
            

IV.    Кепілдеме, қорытынды, эксперттік бағалау
(аттестацияға, кәсіби конкурстарға қатысу үшін және т.б. )
Эксперттің тегі, аты - жөні    Эксперттік қорытынды    Алдағы уақытта оқуын
жалғастыруға кепілдеме
        

Мұғалімнің қолы __________________________________________

Категория: Мои статьи | Добавил: Сауле (25.02.2012)
Просмотров: 2667 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Байсеитова Сауле Шакеновна