Форма входа

Социальные закладк

Плейер

Поиск

Праздники дня

Youtube

опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 3

Статистика


Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0




Понедельник, 25.11.2024, 04:32
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Каталог статей


Главная » Статьи » Мои статьи

Аттестация серия поурочных планов из двух уроков2
11а/п сынып. Сабақ жоспары
Тақырыбы: 7- тарау. Қатты денелердің  механикалық қасиеттері.                                                      Кристалл және аморф денелер.                                                                                      Мақсаты: кристалл және аморф денелердің молекулалық құрылымын білу                   Міндеттері:  б) қатты денелердің механикалық қасиеттері туралы білімдер қалыптастыру;  д) өз бетімен жұмыс істеп, ізденіп үйрену, материалдар мен ақпараттар  іздеуге, оны өңдеуге дағдылану, қосымша оқулықтармен, ғаламтор материалдарымен жұмыс жасау;  т) жеке және топтық, жұппен жұмыс түрлеріне өздерін тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік пен ұқыптылыққа дағдылану, өз жолдастарыңа сыйласымдылықпен қарауға, өзгенің пікірімен санасуға  үйрену.                                                  Түрі: Дәстүрден тыс                                                                                                                             Типі: Жаңа материалды меңгеру                                                                                  Көрнекілігі: электрондық оқулық: «Молекулярно-кинетическая теория» часть ІІ. оқушылар презентациясы, ғаламтор материалдары, кристалдық тор модельдері, кристалл және аморф денелер үлгілері, пластикалық және морт денелердің үлгілері: бор, шыны, ағаш, пластилин, пластмасса стакан, темір сызғыш, т.б.                                                                                                         Демонстрациялар: сым темірді майыстыру, ию, бұрау; темір сызғышты майыстыру, борды сындыру, пластмассаны майыстыру, пластилинді майыстыру,  ұзын ағаш сызғыш немесе пластмасса сызғышты екі шетінен тұғырға қойып, ортасына үстіңгі жағынан ауыр дене қою;  резеңкені созу, серіппені созу, жиыру немесе сығу, т.б.                                                               Барысы:  
1.    Ұйымдастыру бөлімі - 2' – презентациялар мен демонстрацияларды, электрондық оқулықты  дайындау
2.    Өткен сабақты қайталап, еске түсіру - 8'
3.    Жаңа тақырыпты өту - 22'- оқушылар презентациямен, өздері дайындап келген демонстрациялармен бір-біріне түсіндіреді.
4.    Жаңа тақырыпты бекіту- 3'
5.    Бағалау- оқушылар бірін-бірі бағалайды. 2'
6.    Қорытындылау - 2'
7.    Үйге тапсырма беру 1'.
Өткен сабақты еске түсіру сұрақтары, яғни, үй жұмысын тексеру:
1.    Сұйықтың бетіндегі және орта шеніндегі молекулалардың тартылыстары қандай болады?  Молекулалық қысым деген не?
2.    Беттік керілу, беттік керілу күші, беттік керілу коэффициенті  мен оның өлшем бірлігі? Судың беттік керілу коэффициенті қаншаға тең?
3.    Маса не себепті су бетінде батпай тұра алады?
4.    Жұғу, жұқпау құбылыстары қалай түсіндіріледі,  шеттік бұрыш бұрыш деген не, оны қалай анықтайды? Жұғатын сұйық пен жұқпайтын сұйық үшін шеттік бұрыштар қандай болады?
5.    Жұғу, жұқпау кезіндегі мениск қандай болады? Мениск деген не, ол не себепті пайда болады? Лапластық қысым, оның формуласы.   
6.    Қылтүтіктік  деп қандай құбылысты айтады? Қылтүтік бойымен жұғатын, жұқпайтын сұйықтардың көтерілу биіктігі қандай формуламен анықталады, ол неменелерге тәуелді болады?
7.    Қылтүтіктік құбылыстар табиғатта, адамдар, өсімдіктер, жануарлар өмірінде қандай  роль атқарады?
8.    Неге құлап бара жатқан су, сабын көпіршіктері шар мен сфераның пішініне ие болады?
9.    Цилиндр, параллелепипед, конус, призма, пирамида, шар – кеңістіктік денелерінің қайсының бетінің ауданы ең кіші болады?
10.    14-жаттығу есптерінің шығарылуын тексеру (мұғалім және оқушылар бірін-бірі)
Жаңа тақырыпты өту:
1.    Маркленов Нұржан - Қатты денелердің екі түрі, олардың молекулалық құрылысы мен қасиеттері   туралы айтады
2.    Аязбекова Ақбота – Кристалдық торлардың түрлері туралы баяндайды
3.    Ахметқали Айгерім – Қатты денелерде болатын деформация түрлері туралы баяндайды
4.    Дауылбекова Айым – қатты денелердің механикалық қасиеттері – механикалық кернеу туралы айтады, созылу диаграммасын береді.
5.    Төленова Балым – Иілгіштік, яғни пластикалық және морттық туралы, Гук заңы туралы айтады
6.    Рымғажинов Ернар – серпімді деформацияланған денелердің энергиясы туралы айтады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1.    Қатты денелердің түрлері
2.    Кристалдардың түрлері, поли-, монокристалдар?
3.    Кристалл және аморф денелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
4.    Кристалдық тордың түрлері, кристалдық тордың түйіні деген не, олар қалай орналасады?
5.    Кристалдық тор ақаулары деген не, олардың түрлері?
6.    Кристалдар анизотропиясы деген не? Изотропты және анизотропты кристалдарға мысалдар келтір
7.    Металдар  неліктен жылуды және электрді жақсы өткізеді?
8.    Қатты денелерде болатын деформация түрлері, мысалдары
9.    Абсолют және салыстырмалы ұзару немесе деформация деген не?
10.     Механикалық кернеу, оның формуласы, бірлігі.
11.    Иілгіштік, яғни пластикалық және морттық, Гук заңы
12.    Серпімді деформацияланған денелердің энергиясы?
13.    Сабақ соңында мынадай кесте толтыру ұсынылады:
Менің сабақтың басындағы көңіл-күйім    Менің сабақтың соңындағы көңіл-күйім    Мен бүгінгі сабақтан не үйрендім    Маған бүгінгі сабақта жаңалық болғаны    Маған бүгінгі сабақта  ең ұнаған оқушы
                

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, өз жұмыстарына рефлексия жасайды, сабақты қорытындылап, келесі жолғыға үй тапсырмасын өздері бөлісіп алады.
Үйге тапсырма: §7.1-7.2 оқуға. ЕЖ: № 4.1 - 4.10 есептер.
Рефлективтік есептеме:
11а/п сыныбында дәстүрден тыс екі сабақ өткізілді.  Бұл сыныпта оқушылардың математика пәнінен білімдерінде олқылықтар өте көп болғандықтан, әр сабақты жеріне жеткізіп, өзім түсіндіретінмін де,  формулалардың барлығын өзім қорытып, барлығын дайындап беріп отыратынмын. Сол тұрғыдан алғанда бұл менің тәуекелге бел буып өткізген сабағым, яғни оқушыларға алғаш рет сенім артқан, оларға өздеріне өткізуге берген алғашқы сабақтар еді. Сонымен бұл -  «Қатты денелердің  механикалық қасиеттері. Кристалл және аморф денелер» тақырыбына өткізілген, екінші сабақ.  Бұл тақырыпқа негізінде 2 сағат уақыт бөлінген, ал берілетіе материал көлемі өте үлкен, бірнеше сағаттың матеиалы болатын. Қиын тақырып емес, дегенмен, өте көп дайындықты қажет ететін, теориялық мғлұматтармен бай, есебі мен формуласы аз тақырып. Оқушылар осының алдында өткізген сабақтарындай тағы да өздері дайындап келетін материалдарды  өзара бөлісіп, сабақтың мақсат-міндеттерін айқындап алды. Көрсетілімдер мен демонстрацияларды, қажетті әдебиеттер тізбесін мұғаліммен ақылдасты, дегенмен өздері тарапынан қосқан үлестері де аз емес. Презентацияларды толығымен өздері дайындады, кейбір демонстрацияларды өздері ойластырды, сұрақтар мен қарастырылатын тақырыпшаларды құрастырды. Алдымен өздері материалды толығымен оқып танысып барып, бөлімдерге бөліп алып дайындалды. Осылайша бөліп дайындалып келу оларға әрі уақыт үнемдеуге көмектессе, әрі  басқалардың айтқанын түсіне ме екенмін, мен өзім басқаларға түсінікті түрде жеткізе аламын ба деген қызықты ойлардан да туындаған. Осы жолы мен шапшаң оқушы – Аязбекова Ақботаны («5» ке оқитын оқушы), орташа  оқушы – Маркленов Нұржанды  («4» ке оқитын оқушы), өте баяу оқушы Ахметқалиев Әліжандарды («4»пен «5»  ке оқитын оқушы) бақыладым.  Бақылау кезінде байқағаным – барлық күткендерімнен де асып түсті (Результаты превзошли все ожидания). Баяу деген оқушым Әліжанның іскерлігі мен тапқырлығы, ойының ұтымдылығы, не істесе де орнымен шығып жатқандығы таңдандырса, орташа деген оқушым -  Маркленов Нұржанды оқушылар өте қызыға тыңдады, сабақ соңынан «маған өте ұнаған оқушы» дегенге барлығы бірауыздан Нұржанды таңдады. Оның аспай-саспай материалды баяндағаны, өзіне қойылған сұрақтарға берген жауаптары, оқулықтан тыс қолданған материалдары барлығы бірігіп келгенде оның негізінде қандай оқушы екені, бізге байқалмай жүрген қыр-сырлары танылды. Оған керісінше шапшаң деген оқушым - Аязбекова Ақбота асып- сасып, не айтып не қойғанын білмей, ойы барлығы шашыраңқы шықты, басында оқушылар түк те түсінбей отырмыз деген соң барып өзіне – өзі келді, әйтпегенде кім білсін. Дегенмен дер мезгілінде өзін жинақтап, меңгеріп алды. Бұл да өте тамаша қасиет. Оқушылардың күшімен өткізілген бұл сабақ та қойылған мақсаттарына жетті, сабақ өте қозғалмалы, қызықты, материалдармен бай сабақ болып жоғары деңгейде өтті.                                                                               

Категория: Мои статьи | Добавил: Сауле (25.02.2012)
Просмотров: 1166 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Байсеитова Сауле Шакеновна