Форма входа

Социальные закладк

Плейер

Поиск

Праздники дня

Youtube

опрос

Мои кабинет
Всего ответов: 0

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Пятница, 29.11.2024, 01:53
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Каталог статей


Главная » Статьи » Мои статьи

статья по критериальному оцениванию
Өскемен қаласында өткен «Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау үшін критериалдық жүйені қолдану» семинарында оқылған баяндама.
Физика сабағында формативті бағалауды қолдану

Критериалдық бағалау жүйесін тәжірибеге енгізу: Арнайы курстан өту. Астана қаласы, 11-15 қазан 2010 жыл
-Бағалау жүйесімен тереңірек танысу, қажетті әдебиеттерді оқу
-Мектепішілік семинар өткізу (курстан өткен мұғалімдер)
-Мектепішілік шығармашылық топ құру
-Алғашқы қадам: бір тарауға немесе бөлімге дескрипторлар жасау
-Тәжірибеге енгізу: осы бағалау жүйесін кейбір сыныптарда енгізу, байқау-бақылаулар жүргізу
-Ата-аналарға таныстыру
-Халықаралық бакалавриат мектептерімен байланыста болу (Пермь қаласына курсқа бару, іс-    тәжірибемен танысу)
Бағалау типтері
Қалыптастырушы (Formative)    Қорытындылаушы (Summative)
Оқыту  барысында     Тақырыптың немесе тараудың  соңында 
Кері байланыс  береді      Қорытынды  тұжырым береді
Оқушыларға өз жұмысына түзетулер жасауға мүмкіндік береді       Оқушыларға өздерінің  нені үйренгендігін  көрсетуге  мүмкіндік   береді
 Мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға көмектеседі     Өздерін өздері бағалауға мүмкіндік береді

Қалыптастырушы бағалау (Formative-күнделікті)
    Күнделікті жұмыс жасау; 
    Білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу;
    Қорытынды бағалауда есепке алынбауы;
    Оқушының күнделікті білім сапасы.
Нақты немесе қорытынды   бағалау
(Summative / қорытынды)
    Оқушының білім деңгейі мен негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасуын нақты анықтау;
     Оқушылардың негізгі жұмыстарының нәтижелері;
     Қорытынды бағаның негізі;
     Критерийлер санының  максимальды қолданылуы;
     Негізгі жұмыстар қайта жазылмайды және сыныпта мұғалімнің қатысуымен орындалады;
    Дескрипторлардың (рубрикатор) болуы.
Оқушылардың жетістік деңгейін күнделікті бағалау (Formative)
Формативті бағалау кезінде оқушы білімін бағалау үшін берілетін тапсырмалардың түрлерін маұғалім өзі таңдайды. Мен өзімнің сабақтарымда қолданып жүрген тапсырмалардың кейбір түрлерін келтіре кетуді жөн көрдім:
I. Жазба жұмыстары:                                                                                       1.Физикалық диктант алу-өтілген тақырыптың ішіндегі негізгі ұғымдар мен анықтамалар, заңдар, формулаларды оқушылар мұғалімнің нені жаз деп айтқанын тыңдай отырып қана жазады. Осы әдіспен оқушы білімін тексеру оқушының зейінін де жақсы дамытады, яғни дұрыс тыңдай білу, тыңдаған нәрсені елестете білу, оны жадысынан алып, тез  арада жаза қою басында кейбір оқушыларға қиындау тиеді,  уақыт өте келе олар физикалық диктант жазуға төселіп алады.                                                                                                                                  2. Кесте толтыру-оқушылардың көру және жазу арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тапсырма түрі. Қандай да бір тақырып өтілген соң, осы тақырыптағы физикалық шамалар, олардың белгіленуі, формуласы мен өлшем бірлігі, өлшеу құралын тақтада жазулы тұрған кестеге қарап отырып жылдам жазу керек болады.                                                                                                       3. Өздік жұмысын алу; 4. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру                                                                                                                                                      5. Бақылау жұмысын алу                                                                                               6. Тест алу- құрамында көп ақпарат қамтылатын ауқымды тақырып өтілгеннен кейін оқушылар тестілеуден өтеді.                                                            7.  Эксперименттік жұмыс жасау;  8.  Шығармашылық жоба жазу, қорғау                                                                                                                                                     II. Ауызша тапсырмалар орындау:                                                                        1.Тақтада ауызша жауап беру, мұғалімнің және сыныптастарының қойған сұрақтарына жауап беру, формула қорытып шығару. Тақтада есеп шығару             2. Сапалық есептер шығару                                                                                  3.Мәселелік жағдаятты шешу-мысалы, дыбыс толқындары, дыбыс жылдамдығы тақырыбын өткенде «найзағай жарқылдап, күн күркіреді» деген құбылыстың қайсысын біз бұрын қабылдаймыз, күннің күркірегенін бірінші естиміз бе, әлде найзағайдың жарқ еткенін бірінші көреміз бе? деген сұрақтар төңірегінде жауап беру кезінде; найзағай кезінде жай түсу қаупінен сақтану үшін не істер едіңдер деген сұрақ қойылса оқушылар қызу түрде өз ойларын айтады, дегенмен «егер сендер мұғаліммен бірігіп жаяу жорыққа шыққан кезде қолдарыңда сағат та жоқ, ұялы телефон да жоқ болса, найзағайдың сендерге жақындап келе жатқанын немесе алыстап бара жатқанын қалай білер едіңдер?» деген сұрақтар төңірегінде де ойлану керек болғанда олар әртүрлі пікірлер айтады. Мұндай мәселелік жағдаятты шешу әрі оқушылардың физикадан алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуіне, табиғаттағы құбылыстардың сырын түсіндіруге көмектессе, әрі олардың физикалық тілде сөйлей алу дағдысын жетілдіреді, тіл коммуникативтігін дамытады, әрі оқушының коммуникативтік дәрежесі байқалады.                                                           4.Инвариантты кесте толтыру- мысалы,  кинематика тарауында оқылған шеңбер бойымен қозғалыс пен тербелмелі қозғалыс арасындағы ұқсастықтарды кестеге толтырып жазу арқылы оқушылардың ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті артады.                                                                                                                            Төменде оқушылар орындайтын тапсырмалардың ішінен кейбіреулері келтіріледі .                                                                                                                    Кесте толтыру:
Шама атауы    белгіленуі    формуласы    бірлігі    Өлшеу құралы
               
Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі. Бағалау шкаласы: 18-20 ұпай «5», 14-17 үпай «4», 12-13 ұпай «3», 0-11ұпай «2»                                                                   Инвариантты кесте толтыру:  
Шаманың атауы    Формуласы
Шеңбер бойымен қозғалыс    Тербелмелі қозғалыс    Шеңбер бойымен қозғалыс    Тербел
мелі қозғалыс
Бағалау шкаласы:   90-100% - «5», 75-89% - «4», 60-74% - «3», 0-59% - «2»
Шығармашылық жоба жазу, қорғау
Жобаны бағалаудың жалпы критерийлері
Критерийлер    Оқушылардың максималь жетістік деңгейі
A    Жоспарлау мен жоспарды ашу, тақырыпты дамыту    4
B    Ақпарат жинақтау    4
C    Әдістер мен тәсілдерді таңдау және пайдалану    4
D    Ақпаратты сараптау    4
T    Жазба жұмысын ұйымдастыру    4
F    Үрдіс пен нәтижені сараптау    4
G    Жеке қатысы    4
Барлығы    28
21-28     ұпай    «5»;   16-20 ұпай «4»;   8-15 ұпай «3»;   0-7 ұпай «2».
Күнделікті немесе қалыптастырушы (Formative) бағалауда мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың көмегі
Оқушының біліміндегі олқылықтарды жылдам анықтап, сол олқылықтарды жою мақсатында кейбір оқушылардың дамуына арналған жекелеме маршрут жасалды. Бұл маршрутта әр оқушы орындайтын тапсырма түрлері, қайталауға арналған тақырыптар, шығарылатын есептердің қиындық деңгейі, есептер жинағы не оқулық түрі көрсетіледі, осы арқылы тапсырма алған оқушылардың жетістік деңгейін арттыру мүмкін болды. 
Тәжірибеге енгізуде жеткен жетістіктер
Өз жұмысымды жоспарлауға көмегі көп болды: әр тарауға, бақылау, өздік  жұмысын бағалауға, есеп шығаруды, зертханалық жұмыс орындауды, шығармашылық жобаны бағалауға дескрипторлар жасалды
-Оқушылар бағалау жүйесіне үйренді:
-Өз білімдеріндегі олқылықтарды өздері байқап, уақытында жоюға тырысты, критерийлер мен дескрипторларға сай келуге тырысатын болды.                                 -Ата-аналардың бағаға наразылығы азайды                                                                             
Бағалау жүйесін қолдану кезінде кездескен қиыншылықтар
    Оқушылардың, ата-аналардың. мұғалімдердің жаңалыққа. оны бірден енгізуге дайын еместігі;
    бастапқыдағы ата-аналардың наразылығы;
    барлық мұғалімдердің курстан өтпеуі, әлі таныс еместігі;
    әр пәннің мұғалімі  дескрипторлар мен бағалау шкаласын өз бетінше құрастыруы;
    біртұтас бағалау шкаласының жоқтығы;
    әр сабақта оқушының жетістік деңгейін бағалауға дескрипторлар дайындауға уақыттың тапшылығы;
    Кейбір сабақтарда көрсетілген дескрипторларға сәйкес бағалап үлгермей қалу
    формативті, яғни күнделікті бағалауға тапсырмалар түрлерін дайындау  көп уақытты қажет етеді;
Артықшылықтары
    оқушы бағаны қандай жетістігі үшін алғанын түсінеді;
    оқушының шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады;
    оқушылардың әр сабаққа тыңғылықты дайындалып келуіне мүмкіндік туады;
    қорытынды бағалау кезінде күнделікті сабақтарда (формативті бағалауда) алған нашар бағаларының ескерілмейтіндігі;
Келешекте атқарылатын жұмыстар:
Келешекте  жалпымектептік біртұтас бағалау жүйесіне көшу жоспарланып отыр, жалпы мектеп мұғалімдерін осы критериалдық бағалау жүйесімен таныстыру мақсатында мектепішілік семинар өткізілді.  Мектебімізде сол семинарды тыңдаған мұғалімдерден шығармашылық  топ құрылып, дескрипторлар дайындау, бірлесіп жұмыс істеу жүргізіліп жатыр. Ата – аналарды критериалдық бағалау жүйесімен толық таныстыру жұмысы қолға алынуда. Мектебімізде өтілген республикалық семинарда қала мұғалімдерін осы критериалдық бағалау жүйесімен таныстыру, атқарылып жатқан  жұмыстар туралы тәжірибе алмасу болды. Түсінбейтін сұрақтар туындаған жағдайларда мұғалімдер өзара кеңесіп немесе Астана қаласымен байланысады, өз әріптестеріне көмек беруге дайын тұрады, әлі де болса бірлескен жұмыстар атқарыла береді.


ӘОЖ: 371.01+53
Б20

Физика сабағында формативті бағалауды қолдану

Байсеитова Сауле Шакеновна  

 «Назарбаев зияткерлік мектептері»АҚ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі филиалы физика пәнінің мұғалімі                                                                                           

Қазіргі  таңда  білім  берудің  әлеуметтік  құрылымы  маңызды  элементтердің  біріне  айналып  отыр. Дүние  жүзінде  білімнің  ролі  артып, әр елдің  өзіндік  білім  беру  жүйесі  тағайындалған. Қазақстан  Республикасындағы  үлкен  өзгерістердің  білім  беру  саласында  қамтылуы  маңызды  іс-шара   болып  табылады. Осы  орайда  білім сапасын арттыру мақсатында критериальдық бағалау жүйесін  дамыту  маңызды    екендігі  сөзсіз.  Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі. Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:                                                                                                                           
Қалыптастырушы бағалау (Formative-күнделікті)
    Күнделікті жұмыс жасау; 
    Білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу;
    Қорытынды бағалауда есепке алынбауы;
    Оқушының күнделікті білім сапасы.
Нақты немесе қорытынды   бағалау
(Summative / қорытынды)
    Оқушының білім деңгейі мен негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасуын нақты анықтау;
     Оқушылардың негізгі жұмыстарының нәтижелері;
     Қорытынды бағаның негізі;
     Критерийлер санының  максимальды қолданылуы;
     Негізгі жұмыстар қайта жазылмайды және сыныпта мұғалімнің қатысуымен орындалады;
    Дескрипторлардың (рубрикатор) болуы.
Оқушылардың жетістік деңгейін күнделікті бағалау (Formative)
Формативті бағалау кезінде оқушы білімін бағалау үшін берілетін тапсырмалардың түрлерін маұғалім өзі таңдайды. Мен өзімнің сабақтарымда қолданып жүрген тапсырмалардың кейбір түрлерін келтіре кетуді жөн көрдім:
I. Жазба жұмыстары:  
1.Физикалық диктант алу - өтілген тақырыптың ішіндегі негізгі ұғымдар мен анықтамалар, заңдар, формулаларды оқушылар мұғалімнің нені жаз деп айтқанын тыңдай отырып қана жазады. Осы әдіспен оқушы білімін тексеру оқушының зейінін де жақсы дамытады, яғни дұрыс тыңдай білу, тыңдаған нәрсені елестете білу, оны жадысынан алып, тез  арада жаза қою басында кейбір оқушыларға қиындау тиеді,  уақыт өте келе олар физикалық диктант жазуға төселіп алады. Бұл тапсырма түрі оқушының білу дәрежесін тексеріп, бағалауға арналады.
2. Кесте толтыру - оқушылардың көру және жазу арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тапсырма түрі. Қандай да бір тақырып өтілген соң, осы тақырыптағы физикалық шамалар, олардың белгіленуі, формуласы мен өлшем бірлігі, өлшеу құралын тақтада жазулы тұрған кестеге қарап отырып жылдам жазу керек болады.  Тапсырманың бұл түрі оқушының білу, түсіну жетістіктерін бағалауға көмектеседі.
3. Өздік жұмысын алу;
4. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру
5. Бақылау жұмысын алу 
6. Тест алу- құрамында көп ақпарат қамтылатын ауқымды тақырып өтілгеннен кейін оқушылар тестілеуден өтеді.
7.  Эксперименттік жұмыс жасау;
8.  Шығармашылық жоба жазу, қорғау 
II. Ауызша тапсырмалар орындау:
1.Тақтада ауызша жауап беру, мұғалімнің және сыныптастарының қойған сұрақтарына жауап беру, формула қорытып шығару. Тақтада есеп шығару            
2. Сапалық есептер шығару
3.Мәселелік жағдаятты шешу - мысалы, дыбыс толқындары, дыбыс жылдамдығы тақырыбын өткенде «найзағай жарқылдап, күн күркіреді» деген құбылыстың қайсысын біз бұрын қабылдаймыз, күннің күркірегенін бірінші естиміз бе, әлде найзағайдың жарқ еткенін бірінші көреміз бе? деген сұрақтар төңірегінде жауап беру кезінде; найзағай кезінде жай түсу қаупінен сақтану үшін не істер едіңдер деген сұрақ қойылса оқушылар қызу түрде өз ойларын айтады, дегенмен «егер сендер мұғаліммен бірігіп жаяу жорыққа шыққан кезде қолдарыңда сағат та жоқ, ұялы телефон да жоқ болса, найзағайдың сендерге жақындап келе жатқанын немесе алыстап бара жатқанын қалай білер едіңдер?» деген сұрақтар төңірегінде де ойлану керек болғанда олар әртүрлі пікірлер айтады. Мұндай мәселелік жағдаятты шешу әрі оқушылардың физикадан алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуіне, табиғаттағы құбылыстардың сырын түсіндіруге көмектессе, әрі олардың физикалық тілде сөйлей алу дағдысын жетілдіреді, тіл коммуникативтігін дамытады, әрі оқушының коммуникативтік дәрежесі байқалады. Тапсырманың бұл түрі әрі оқушының коммуникация дәрежесін бағалауға, әрі әлемнің біртұтастығы критерийлері бойынша жетістігін бағалауға көмектеседі.                                                           4.Инвариантты кесте толтыру- мысалы,  кинематика тарауында оқылған шеңбер бойымен қозғалыс пен тербелмелі қозғалыс арасындағы ұқсастықтарды кестеге толтырып жазу арқылы оқушылардың ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті артады. Тапсырманың бұл түрі оқушының алған теориялық білімін қолдану, талдау,саралау дәрежесін бағалауға арналады.                                                                                                                           Төменде оқушылар орындайтын тапсырмалардың ішінен кейбіреулері келтіріледі .                                                                                                                              Кесте толтыру:
Шама атауы    белгіленуі    формуласы    бірлігі    Өлшеу құралы
               
Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі. Бағалау шкаласы: 18-20 ұпай «5», 14-17 үпай «4», 12-13 ұпай «3», 0-11ұпай «2»                                                                   Инвариантты кесте толтыру:  
Шаманың атауы    Формуласы
Шеңбер бойымен қозғалыс    Тербелмелі қозғалыс    Шеңбер бойымен қозғалыс    Тербел
мелі қозғалыс
Бағалау шкаласы:   90-100% - «5», 75-89% - «4», 60-74% - «3», 0-59% - «2»
Шығармашылық жобаны бағалаудың жалпы критерийлері
Критерийлер    Оқушылардың максималь жетістік деңгейі
A    Жоспарлау мен жоспарды ашу, тақырыпты дамыту    4
B    Ақпарат жинақтау    4
C    Әдістер мен тәсілдерді таңдау және пайдалану    4
D    Ақпаратты сараптау    4
T    Жазба жұмысын ұйымдастыру    4
F    Үрдіс пен нәтижені сараптау    4
G    Жеке қатысы    4
Барлығы    28
21-28     ұпай    «5»;   16-20 ұпай «4»;   8-15 ұпай «3»;   0-7 ұпай «2».
Күнделікті немесе қалыптастырушы (Formative) бағалауда мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың көмегі
Оқушының біліміндегі олқылықтарды жылдам анықтап, сол олқылықтарды жою мақсатында кейбір оқушылардың дамуына арналған жекелеме маршрут жасалды. Бұл маршрутта әр оқушы орындайтын тапсырма түрлері, қайталауға арналған тақырыптар, шығарылатын есептердің қиындық деңгейі, есептер жинағы не оқулық түрі көрсетіледі, осы арқылы тапсырма алған оқушылардың жетістік деңгейін арттыру мүмкін болды. 
 Критериальдық бағалау жүйесін қолданудың артықшылықтары
    оқушы бағаны қандай жетістігі үшін алғанын түсінеді;
    оқушының шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады;
    оқушылардың әр сабаққа тыңғылықты дайындалып келуіне мүмкіндік туады;
    қорытынды бағалау кезінде күнделікті сабақтарда (формативті бағалауда) алған нашар бағаларының ескерілмейтіндігі;                   Формативті бағалау әдетте бағдарламаның басында немесе соның жүру барысында өткізіледі.   Оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланыс оқушыға өзінің білім алуын жақсартуға көмектеседі
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.    Викторова Л.Г. Инновационные процессы в образовании. 2002 ж, №2, 4-бет
2.    Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Пермь, ПГПУ-2010, 55-56-бет
3.    Манзадей О.А., Илаксина С.А. и др. Проблемы оценивания учебных достижений учащихся. Рязань, 1998 ж. 56- бет.
4.    http:// www.ibo.org /myp/assessment/  сайт организации Международного Бакалавриата

Категория: Мои статьи | Добавил: Сауле (25.02.2012)
Просмотров: 2328 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Sergimalm  
0
<a href=http://zmkshop.ru/uslugi/>завод металлоконструкций ярославль</a>

1 Kennethsueda  
0
I've been surfing online more than three hours today, yet I never found any interesting article like yours. It's pretty worth enough for me. In my opinion, if all webmasters and bloggers made good content as you did, the internet will be much more useful than ever before.
I will immediately grasp your rss as I can't find your email subscription hyperlink or newsletter service. Do you have any? Kindly let me recognize so that I could subscribe. Thanks.
https://sinee9s2a-nebo3w7r-golova6r8v.com

Имя *:
Email *:
Код *:

Байсеитова Сауле Шакеновна