Форма входа

Категории раздела

Мои файлы [5]
Внеклассная работа [9]
Внеклассная работа
Зертханалық жумыстар [1]
Зертханалық жумыстар
Сабак Жоспары [11]

Социальные закладк

Плейер

Поиск

Праздники дня

Youtube

опрос

Мои кабинет
Всего ответов: 0

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Воскресенье, 01.12.2024, 12:33
Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Главная | Регистрация | Вход
Каталог файлов


Главная » Файлы » Мои файлы

7сынықпа арналған есептер
24.01.2012, 08:32

  №9 өздік жұмыс. ИНЕРЦИЯ. МАССА.

Бастапқы деңгей

1. Сүрініп кеткен адам қай жаққа қарай құлайды?

2. Жүріп келе жатқан автобус оңға бұрылғанда оның ішіндегі жолаушылар автобусқа қатысты қай бағытта қисаяды?

3. Неліктен жылдам жүріп келе жатқан көліктің алдынан жолды кесіп өтуге болмайды?

4. Жүріп келе жатқан автобус кілт тоқтағанда оның ішіндегі жолаушылар қай бағытта серпіледі?

5. Суды банкадан шелекке құйғанда оның массасы өзгере ме?

6. Жүкті еденнен  2 м биіктікке көтерген. Сол кезде оның массасы өзгерді ме?

7. Массаны кг-мен өрнектеңдер: 2,5 т; 2000 г; 150 г.

8. Массаларды граммен өрнектеңдер: 1,2 кг; 0,6 кг; 800 мг.

Орташа деңгей                                                                                                                                                                               1. Неліктен бұрылысқа келгенде жүргізуші машинаның жылдамдығын азайтады?

2. Адам атпен шауып келе жатыр. Егер ат сүрініп кетсе, адам қандай күйге ұшырайды?

3. Денені Жерден Айға апарды. Сонда дененің массасы өзгере ме?

4. Шарды  қатты үрлеңдер, ончы байламай жібере салыңдар, ол неге желі шыға отырып ұшады?

5. Автомобильдің мұз қатқан жолда орнынан қозғалуы қиын болатыны неліктен? 

6. Денені Жерден ашық космосқа  апарды. Сол кезде оның массасы өзгерді ме?

7. Бұтақта отырған торғай пыр етіп ұша жөнелді. Бұтақ қай бағытта және қай мезетте ауытқыды? Неге?

8. Қандай да бір дененің массасы нольге тең болуы мүмкін бе?

Жеткілікті деңгей

1. а) Киімді қатты сілкіп қалғанда ондағы жаңбыр тамшылары неге ыршып түседі?

б) Массасы  46 кг бала  1,5 м/с жылдамдықпен тыныш тұрған, массасы 1 т салдан жағаға секірді. Сал қандай жылдамдыққа ие болды?

2. а) Көлбеу жазықтықта білеуше жатыр. Ол қандай денелермен әрекеттеседі?

б) Арбашалардың массалары  1 және 3 кг, жылдамдықтары нөлге тең. Оларды өзара әрекеттестіргенде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды. Кішкентай арбаша қандай жылдамдық алды?

3. а) Бірқалыпты қозғалатын теплоходтың каютасының төбесіне шар ілінген.  Егер теплоход төмендегі жағдайларда болса, шар қандай күйде болады: а) теплоход үдемелі қозғалса; б) теплоход бұрылса; в) теплоход кенет тоқтаса?

б) Жүкті суы бар ыдысқа батырған. Жүк массасы өзгерді ме?

4. а) Қарудан оқ атылғанда қарудың өзі мен оқ екеуі неге әртүрлі жылдамдықтарға ие болады?   Қайсының жылдамдығы үлкен болады?

б) Екі арбашаны әрекеттестіргенде олардың жылдамдықтары  20 см/с және 60 см/с болып өзгерді. Үлкен арбашаның массасы  0,6 кг. Кіші арбашаның массасы қандай?

5. а) Автомобиль жолдан итеріле отырып жылдамдығын арттырады. Ал зымыран ғарышта неден итеріле отырып жылдамдығын арттырады?

б) Қарудан массасы 20 кг снаряд  800 м/с жылдамдықпен атылып шықты. Қарудың массасы қандай,  егер ол кері серпілу әсерінен  1м/с жылдамдықпен қозғала бастаса?

6. а) Автомобильдің орындығының арқасына бекітілген басты қорғап тұратын қорғаныш, адамның басын кері шалқайып кетуден сақтап тұрады. Бұл қорғаныш қандай апатты жағдайларда адамды қандай жарақаттардан сақтап тұрады? б) Массасы   5 т қарудан массасы  25 кг снаряд атылып шықты. Снаряд жерге қатысты 400 м/с жылдамдық алды. Кері серпілген қару қандай жылдамдыққа ие болды?

Жоғары деңгей

1. а) Массасы  2 кг бос арбаша,   2 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, жүгі бар арбашамен соқтығысты. Соқтығысу әсерінен бос арбаша тоқтап қалды да, жүгі бар арбаша   0,4 м/с жылдамдықпен қозғалды. Жүгі бар арбашаның жылдамдығы қандай?

б) Судың массасы мұз болып қату кезінде өзгере ме?

2. а) Вертикаль жоғары атылған снаряд, траекторияның жо,ар,ы нүктесінде массалары 1 кг және 4 кг екі жарықшаққа жарылды.   Олардың біріншісі жерге қатысты  160 м/с жылдамдық алды. Екінші жарықшақ қандай жылдамдық алды? б) Шөмеледегі шөпті тюк етіп престегенде оның массасы өзгере ме? Не өзгереді?

3. а) 8 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан адам,   2 м/с жылдамдықпен кетіп бара жатқан арбашаны қуып жетіп, оған секіріп мінеді. Сол кезде адам-арбаша жүйесінің 6 м/с болды. Егер арбашаның массасы 40 кг болса, адамның массасы қандай?

б) Қойдың жүнінен пима басып шығарған. Егер жүннен ешқандай қалдық қалмаса, онда жүннің массасы мен пиманың массасында айырмашылық бар ма?  Не өзгерді?

4. а) Екі қошқар жүгіріп келіп сүзісе кетеді де, маңдайларын түйістіріп, жерге ұмар-жұмар болып  2 м/с жылдамдықпен құлап түсті. Бірінші қошқардың жылдамдығы 10 м/с болған. Егер олардың массалары бірдей болса, екінші қошқардың сүзісуге дейінгі жылдамдығы қандай болған?

б) Стаканда қар араласқан су бар. Қар  түгел еріп кетсе, стакан ішіндегі қоспаның массасы өзгере ме ?

5. а) Екі шар бірбіріне қарсы қозғала отырып, соқтығысады. Нәтижесінде жылдамдығы 5 м/с болған шар тоқтап қалды. Жылдамдығы 3 м/с болған шар, 2 м/с жылдамдықпен басқа жаққа қарай ұшып кетті. Қай шардың массасы үлкен және қанша есе? б) Насостың поршені астында ауаны сығады. Сол кезде ауаның массасы өзгере ме?

6. а) Массаы 10 г, горизонталь ұшып келе жатқан оқ, горизонталь жылтыр тегіс бетте жатқан массасы 500 г ағаш білеушеге тиіп, соның ішінде қалып қойды. Егер білеше оқ тиген соң 10 м/с жылдамдыққа ие болса, оқтың жылдамдығы қандай болған?

б) массасы  1 кг ағаш шарды суы бар кең ыдысқа салған.  Шар судың бетінде жүзіп жүр. Осы шардың массасы өзгерді ме?

Категория: Мои файлы | Добавил: Сауле
Просмотров: 1580 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Sergimalm  
0
<a href=http://zmkshop.ru/>консоль в металлоконструкции что это</a>

Имя *:
Email *:
Код *:

Байсеитова Сауле Шакеновна